Қаңтар оқиғасы: Алматыда полиция ғимаратына шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жазбаларды зерттеу барысында Жамбыл облысының 24 жастағы тұрғыны ұсталды
Көлік полицейлері Алматыдағы полиция ғимараты мен әуежайға шабуыл жасағандардың бірін ұстады. Бұл туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Анал Бакиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, күдіктіні қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қылмыстарды тергейтін көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұстаған.
«Бейнебақылау камераларынан жазбаларды зерттеу барысында Жамбыл облысының 24 жастағы тұрғыны – қазір Алматыда тұрып жатқан адам анықталып, ұсталды. Осы жылдың 5 қаңтарындағы тәртіпсіздік кезінде ол қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына қарулы шабуыл жасағаны анықталды. Содан кейін жас жігіт Алматы полиция департаментінің ғимаратына сыбайластарымен бірге шабуылдаған. Жаппай тәртіпсіздік кезінде ПД ғимаратын таңғы сағат 6-ға дейін қоршауға алды», - деді генерал-майор Бекиев.