$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2022, 22:08
Оқиғалар

Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

16 жастағы жасөспірім 26 наурызда жоғалып кеткен болатын

Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Қостанайда бірнеше күн бұрын үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 наурызда із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер Тобыл өзенінің түбінен тапты.   

«Полиция қызметкерлері облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 16 жастағы Сергей Лукьяновтың денесін тапты. 27 наурызда оның заттары Тобыл өзенінің жағасынан, көпір маңынан табылған болатын», - деді полиция өкілдері.

Полицейлер, туыстары мен еріктілердің іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер қосылып, 30 наурызда өзен түбін тексеру кезінде жасөспірімнің денесін тапты.

Қазіргі уақытта басталған сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары