$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2022, 08:56
Оқиғалар

Қарағанды облысында 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

Арнайы құрылған жедел тергеу тобы төрт ай бойы қылмыстық топты қолға түсірумен айналысқан

Қарағанды облысында 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі мен Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР Қаржылық мониторинг жөніндегі агенттігімен өзара іс-қимыл жасап, Қарағанды облысының аумағында байланыссыз әдіспен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Аса тәжірибелі қызметкерлерден арнайы құрылған жедел тергеу тобы төрт ай бойы қылмыстық топтың әзірлемесімен айналысқан.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, ұсталғандар Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары болып табылады. Олар 2021 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан.

Ұсталғандардың айтуынша, есірткіні сату Telegram әлеуметтік желісіндегі интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған. Аталған топтың қызметі жақсы ұйымдастырылған. Топтың 10 қатысушысы арасында ұйымдастырушы, буып-түйюші, оператор, дилер, есірткіні тығып жасырушы рөлдері мен функциялары нақты бөлінген. 

Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайын 300 дозадан астам есірткі заты тәркіленді, сонымен қатар жалға алынған пәтерлердің бірінде шамамен 3 кг синтетикалық зат (“мефедрон” және “альфа-PVP”), есірткі заттарды орау үшін қолданылатын заттар (электронды таразы, zip қалташалар) тәркіленді. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 5-тармағы бойынша “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау” сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық топтың мүшелері мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары