Полиция құрбандардың 17-сі ер адам, қалғаны әйелдер екенін анықтады
Мексикада қылмыстық топтар арасындағы қақтығыстан 20 адам ажал құшты, деп хабарлады "Хабар24".
Полиция құрбандардың 17-сі ер адам, қалғаны әйелдер екенін анықтаған.
Сарапшылар жанжал елдің шығысындағы Мичоакан штатында есірткі саудасымен айналысатын топтардың арасында болғанын айтады. Жалпы қаңтар-ақпан айларында Мексикада кісі өлтіру қылмысы азайған. Ал аталған Мичоакан аймағында қантөгіс көрсеткіші әдеттегіден жоғары болып отыр.