Қарағандыда зейнетақы қорындағы ақшаны алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Azattyq Rýhy

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Зейнетақы қорындағы ақшаларын алып беремін деп қарағандылықтарды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 39 бен 45 жас аралығындағы қос азаматшадан арыз түсті. Жәбірленушілер полиция қызметкерлеріне бейтаныс азаматшаға алданып, сан соғып қалғандықтарын айтқан. 

Алдын ала анықтау барысында күдікті жәбірленушілерге зейнетақы қорындағы ақшаларын алып беруге көмектесе алатындығын айтып жасайтын делдалдығы үшін бірінен 167 мың теңге ақша алса, енді бірінен 178 мың теңге ақша алған. Алайда оңай олжа қолға  түскен соң күдікті ұялы телефонын сөндіріп, байланысқа шықпай қойғаны белгілі болды. 

Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы азаматша ұсталды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді, Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.