Өскеменде қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Azattyq Rýhy

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, барлық қару жарамды болып шыққан

Өскеменде қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Облыс орталығындағы гараждардың бірінен қару-жарақ арсеналы табылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тінту кезінде 7,62 мм калибрлі «ТТ» жауынгерлік тапаншасы, 9 мм патрондармен атуға арналған қолдан жасалған ауыстырмалы оқпан, «ИЖ-18» тегіс ұңғылы мылтық және әртүрлі калибрлі 450 данадан астам мөлшердегі жауынгерлік патрондар болды.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, барлық қару жарамды болып шыққан.

«Аталған факті бойынша 47 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деп хабарлады ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта күдіктінің қаруды қандай мақсатта сақтағаны және қылмыс жасау кезінде қолданылмағаны анықталды.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.