Ақтөбе облысында майнингке арналған құрылғыларды әкетпек болғандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды

Ақтөбе облысында майнингке арналған құрылғыларды әкетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің шекарашылары «Жайсаң» автомобиль өткізу пунктінд­е ҚР-дан Ресей Федерациясына шығатын жерде «DAF» маркалы автокөлікті ұстады. Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ саны 813 қорап қоректендіру кабельдері бар «Avalon» майнингке арналған жабдығы табылды.

Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды.

Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-ға тапсырылды.