Павлодарда автобус жүргізушісі мүгедек адамды қағып, қашып кеткен
Зардап шеккен адам ауруханада жатыр
Павлодарда автобус жүргізушісі мүгедек адамды қағып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары дереу «Ұстау» жоспарын енгізіп, барлық аулалар, гараж кооперативтерін тексерді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың ақпан айында Жетекші кентінде «Анкай» маркалы автобустың 59 жастағы жүргізушісі 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен.
"Салдарынан екінші топтағы мүгедек ауыл тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бейнекамералардан жазбалар зерттелді. Арнайы іс-шаралар кешенін өткізу нәтижесінде полиция қызметкерлері 59 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады", - дейді департаментте.
Құрықталған ер адам жауапкершіліктен қорыққанын айтқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.