16.03.2022, 01:54
Оқиғалар
Атырауда атыс болып, екі адам қаза тапты
Басына оқ тиген үшінші азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Фото: atyrauoil.official
Атырауда қаланың қақ ортасында екі адамды атып кетті. Атыс салдарынан жарақат алған тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.
«Атыс қала ортасындағы Авангард ықшамауданында болды. 27-22 жастағы екі жігіт оқиға орнында қаза тауып, 26 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Оның басына оқ тиген», - делінген ПД хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіттерді атқан күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Ол Калашников қаруын қолданды деген мәлімет бар.
Оқиға орнында Атырау облыстық полиция департаментінің тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады