Олардың екеуі де алаңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен қолға түсті
Өзбекстанның құқық қорғау органдары таба алмай жүрген қос күдікті Қазақстанға қашып кеткен. Олар Атырауда жасырынып жүрген жерлерінен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, екі мингрантта алаңсыз жұмыс істеп жүрген.
«1967 жылы туған әйел адам Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабының 3-бөлігімен алаяқтық қылмысын жасады деген айыппен іздеуде болған.
Ал екіншісі – Жаңаөзен қаласы бойынша іздеуде жүрген 28 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы.
Ол ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлігі бойынша он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген айыппен іздеуде болған»,- деді Н. Оразбаев.
Қазіргі уақытта қос күдікті де Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.