18.01.2020, 10:23
Оқиғалар
Елордада оқушылар пышақтасты
Жанжал себептері белгісіз
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінің маңында екі оқушы арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Екі оқушы төбелескен. Олардың бірі пышақ алып шығып, сыныптасын жарақаттаған. Оқушыларға медициналық көмек көрсетілді», дейді полиция өкілдері.
Олардың айтуынша, тәртіп сақшыларын оқиға куәгерлері шақырған.
Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 16:20
Шығын – 4,1 млрд теңге: Астанада Mardan тұрғын үй кешеніне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
22.09.2026, 23:19
Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынып, айыппұл төледі