Оқыс оқиға Самара – Шымкент тасжолында болған
Оқыс оқиға 17 қаңтар күні Самара – Шымкент тасжолында, РФ шекарасына жақын маңда болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында, РФ шекарасына жақын тұстағы тасжолда келе жатқан жүк көлігінің кенеттен аударылып кеткені туралы видео тараған еді. Кадр сыртындағы ер адамның дауысы жүк көлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерінің көмектескенін айтады.
«Полиция қызметкерлері жарады, олар көлікті қайтып көтергенше жолды жауып қойды. Оқиға орнына жеткен олар өздері қол ұшын созып, көмек көрсетті. Осы жерде күні бойы, түскі уақыттан бері бізбен бірге жүрді. Оларға көп рахмет! Өз елінің қаһармандарын біле жүрсін деген ниетпен осы видеоны салып отырмыз», – дейді видеороликтегі ер адам.
БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы аталмыш фактінің растай отырып, жүк көлігінің жүргізушісіне патрульдік полицияның облыстық батальон қызметкерлерінің көмектескенін атап өтті.