Атырауда тастанды нәрестенің анасы табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция оны үшінші күн дегенде іздеп тапты

Атырауда баласын далаға тастап кеткен безбүйрек ана табылды. Бұл туралы қазір ғана Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Астана-ТВ».

Жаңа туған нәрестесін тастаған Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция оны үшінші күн дегенде іздеп тапты. Ол жедел басқару орталығы бейнекамераларының көмегімен табылған.

Еске салсақ, шақалақты атыраулық зейнеткер Надежда Пали тауып алған еді. Үсіп өлудің аз ақ алдында қалған нәресте қазір дәрігерлер бақылауында. Салмағы 3 340 гр, бойы - 50 см сәбидің денсаулығы қалыпты дейді ақ халаттылар. Тіпті, тастанды сәбиге дәрігерлер Ұлдана Ғалымова деп есім де берген.

Ал аяздың құрсауында сәбиін далаға тастап кеткен анаға қатысты  Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-бөлімі, яғни «Қауіпті жағдайда сәбиді дәрменсіз күйінде көрнеу көмексіз қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.