Жамбыл облысында екі жасар бала пойыздың астына түсіп, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның отбасы теміржол маңында тұрады

Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында екі жасар бала темір жолдың бойына жүгіріп шығып, пойыздың астына түсіп, көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 4 наурызда сағат 17:52-де Малдыбай станциясында болған.

«Қайғылы оқиға кезінде бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы теміржол маңында тұрады», - делінген хабарламада.

ҚТЖ баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзалдардың перрондарында қараусыз қалдырмауды сұрайды.