$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2022, 12:55
Оқиғалар

СҚО-да әйел адам алаяқтар айтқан белгісіз қосымшаны жүктеп, 5 млн теңгесінен айырылды

Алаяқтың құрығына түскеніннен кейін ғана ол полицияға жүгінген

СҚО-да әйел адам алаяқтар айтқан белгісіз қосымшаны жүктеп, 5 млн теңгесінен айырылды
Фото: Polisia.kz

Петропавл тұрғыны телефонына алаяқтар айтқан белгісіз қосымшаны жүктеп, 5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аққайың ауданындағы туысына қонаққа келген 28 жастағы Петропавл тұрғыны өз телефонына белгісіз қосымшаны орнатып, желілік алаяқтардың құрбанына айналды. Бұл қулыққа «банктен түскен қоңырау» схемасы себеп болған.

Қылмыскер жәбірленушіге қоңырау шалып, біреудің оның атына несие ресімдеп жатқанын айтқан және телефонына AnyDesk бағдарламасын жүктеуге кеңес берген. Алаяқтың нұсқауы бойынша барлық айтқандарын орындаған әйел банктен қашықтан 5 млн теңгеге несие ресімдеген. Алаяқ бөтен тұлғаны мазаламауы үшін несиелік лимитті таңдау қажет екендігін, келген SMS кодтарды өзіне жолдау маңызды еместігін айтқан. Алайда, көп ұзамай несие сомасы әйелдің шотынан жоқ болған. Алаяқтың құрығына түскенін түсінген ол, полицияға жүгінеді.

«Әдеттегі желілік аферистердің басты мақсаты – жәбірленушінің шоттарына қол жеткізетін кодтар мен құпия сөздерді біліп алу. Егер жәбірленушінің телефонына қашықтан қол жеткізетін қосымша жүктелген болса, алаяқтың арам ойын іске асыруына еш қиындық тудырмайды. AnyDesk — кең тараған бағдарламалардың бірі. Басқа қолданушының телефоныңызды басқаруына толық мүмкіндік береді, келетін SMS-хабарламалар қылмыскерлерге бірден белгілі болады», – дейді Аққайың ауданы ПБ бастығы Руслан Сапаров.

Полицейлер адамдарды «банктен түскен қоңырауларға» сенбеуге және белгісіз қосымшаларды жүктемеуге кеңес береді. Оның соңы материалдық шығынға әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары