01.03.2022, 02:43
Оқиғалар
Мәскеуде қазақстандық файтерге оқ атқан күзетші ұсталды
38 жастағы күзетші Максим Пахомов 48 сағатқа қамауға алынды
Мәскеуде ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан фитнес-клубтың күзетшісі ұсталды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ресейлік инсайдер Игорь Лазорин мәлімдеді.
16 ақпанда Бағдат Дүйсембаев көлік тұрағында күзетшілермен жанжал кезінде оқ тиіп жараланған болатын.
Спортшының айтынша, спортзалға абонемент сатып алуға барған. Фитнес-клуб қызметкеріне файтердің көлікті дұрыс қоймағаны ұнамаған. Содан кейін күзетші спортшыға бірнеше рет оқ атқан. Дәрігерлер жәбірленушінің кеуде, иық және беліне оқ тиіп жараланғанын анықтады.
38 жастағы күзетші Максим Пахомов 48 сағатқа қамауға алынды. Жақын арада сот оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдайды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді