26.02.2022, 11:27
Оқиғалар
Таразда атыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр
Таразда атыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 ақпан күні сағат 22.30 шамасында болған.
«Тараз қаласының Абай даңғылы бойындағы Discovery дәмханасында атыс болды. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері жөнелтілді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты