Семейде трансформаторлық қосалқа станса мен тұрғын үй өртенді
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр
Шығыс Қазақстанда бір тәулікте үш өрт оқиғасы болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде “Корольки” саябақ қоғамдастығының аумағында, Малиновая көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Үйдің төбе жабындысы, есік және терезе бөліктері, жеке заттары өртенген. Құтқарушылармен 1 газ баллоны шығарылып, 34 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Семейде екі өрт оқиғасы тіркелді. Павлодар көшесі бойындағы жер үйдің төбе жабындысы, есік және терезе бөліктері, жеке заттары өртенген. 49 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отты абайсызда пайдалану.
Осы күні Западный көшесінде ЖШС аумағында тұрған қосалқы стансада өрт шықты. Электр сымдарының оқшаулау қаптамасы, есіктің ағаш бөліктері өртенді. 3 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі – электр қондырғыларын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.