Кеше кешкісін 84 жастағы қарияны «Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі қағып кеткен
Екібастұзда көлік қағып кеткен қария ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жалпы жағдайы ауыр.
"Кеуде қуысының жабық жарақаты, өкпе контузиясы және көкірек органдары, ми контузиясы және торлы қабық астылық қан құйылғаны анықталды. Сол жақ өкпеге ауа немесе азот жіберіп емдеу тәсілі қолдануда. Қозғалған және жүрген кезде кеуде қуысы мен бас ауруына, әлсіздікке шағым бар", – деді ведомстводан.
Еске сала кетейік, 22 ақпанда сағат 19.00-де Кеншілер көшесіндегі 91-ші үйге қарама-қарсы «Opel Vectra» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі 1938 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.