$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2022, 11:07
Оқиғалар

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

33 жастағы жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Космонавтар көшесі, 1 мекенжайында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 ақпан күні сағат 07:20-да «Daihatsu Terios» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі 1948 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

"Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

33 жастағы жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. 

Полиция «Ұстау» жоспарын енгізіп, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы болған орыннан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары