Ақтөбе облысында жүк көлігі 28 жастағы малшыны қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Малшы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында жүк көлігі атқа мінген малшыны қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

17 ақпанда сағат 18:30 шамасында Түркістан облысының тұрғыны – DAF жүк автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Ырғыз ауылы жағынан Қарабұтақ ауылы бағытында, Самара-Шымкент автожолының 1027 шақырымында атқа мінген адамды қағып кеткен. 

28 жастағы ер адамның автожолдың жанында мал баққаны анықталды. Ол жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.