Шымкенттік әйел танысын 2,5 млн теңгеге алдап кетті
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр
Шымкенттік әйел танысын 2,5 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.
«Тұрғынның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы 28 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат шығарып беремін деп сендірген. Сондай-ақ бұл қызметіне сыйақы ретінде 2,5 млн теңге сұрап, есепшотына аудартып алған. Алайда арада уақыт өте әлгі танысы телефон қоңырауларына жауап бермей, не ақшасын қайтармай «ізін суытқан», - делінген хабарламада.
Аталған деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Абай АПБ-ның Криминалды полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 58 жастағы жергілікті тұрғын қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді.
елгілі болғандай, ұсталған күдікті арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.