17.02.2022, 01:53
Оқиғалар
Бейжің-2022: украиналық шаңғышы допингпен ұсталды
Спортшы 10 ақпан күні Олимпиада астанасында тест тапсырған еді
Шаңғымен жүгіруден украиналық Валентина Каминская Бейжің-2022 Қысқы ойындарынан уақытша шеттетілді, деп жазады Vesti.kz.
Халықаралық тест агенттігінің (ITA) ақпараты бойынша 34 жастағы шаңғышының ағзасынан местеролон мен гептаминол табылған. Спортшы 10 ақпан күні Олимпиада астанасында тест тапсырған еді.
Осыған орай, Каминская төрт жылдықтың қалған жарыстарына қатыспайтын болды.
Бейжіңде ол сипринтте 70 орын иеленсе, жекелей жарыста 79 және эстафетада 18 орыннан көрінді. Бір қызығы Украинаның намысын қорғап жүрген спортшы 2018 жылға дейін Беларусь елінен шығып жүрген. Жалпы алғанда, Каминская қысқы ойындарға үшінші рет қатысты.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 16:00
Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасынан кейін жалақысы өсетін және өспейтін дәрігерлер кім: ДСМ өкілі жауап берді
30.10.2026, 10:04
Жол – елді жалғайтын күретамыр, ал логистика – маңызды күш: депутат Маңғыстаудағы жобаларға тоқталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды