Қазақстандықтар 1 млн долларды декларациясыз алып ұшпақ болған

Автор: Azattyq Rýhy

10 мың доллардан артық ақшасы бар азаматтар қаржыны міндетті түрде декларациялау керек

Қаңтар айында қазақстандықтар 1 миллионнан астам АҚШ долларын декларацияламай, шетелге шығармақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

«Жетісу», «Әуежай-Астана», «Жібек Жолы», «Қазығұрт», «Түркістан-КРО-Әуежай», «Әуежай-Шымкент», «Әуежай-Актау» кеден бекеттерінде 48 заң бұзу дерегі тіркелді. 47 әкімшілік құқық бұзу дерегі туралы материалдар жиналып, ұсталғандарға 1 жарым миллион теңге айыппұл салынды.

Естеріңізге салайық, қолында 10 мың доллардан артық ақшасы бар азаматтар қаржыны міндетті түрде декларациялауы керек.