Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде
Павлодар – Қызылорда автожолында үш көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 14 ақпан күні сағат 19.00 шамасында Бәйет ауылы ауданында 159 шақырымда болған.
«Lexus LX 470» автокөлігін басқарған 44 жастағы жүргізуші Павлодар – Қызылорда автожолымен жүріп келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, көлік құралына жол бермеген. Салдарынан 45 жастағы жүргізуші басқарған «Lexus LX 570» автокөлігімен соқтығысқан", - деді баспасөз қызметінде.
Ал «Lexus LX 570» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, 33 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Газель» автокөлігімен соқтығысқан.
Нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жүгінді.