15.02.2022, 09:08
Оқиғалар
Парагвайда қазақстандықтың бөлшектелген денесі табылды
Оның өлгенге дейін немесе одан кейін бөлшектелгені әзірге белгісіз
Фото: ашық дереккөзден
Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды, екі адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы прокурор Мария Ирене Альварес мәлім етті.
Оның өлгенге дейін немесе одан кейін бөлшектелгені әзірге белгісіз. Алайда прокурордың айтуынша, оны ұзақ уақыт бойы азаптап, қатыгездікпен өлтірген.
"Екі сөмкенің ішінен адамның сүйегі табылды, ол Қазақстан азаматына тиесілі", - деді прокурор.
Полиция Боливияның екі азаматын ұстады. Ер адамдар қазақстандық тұрған үйде бөлме жалдап тұрған екен.
Прокуратураның мәліметінше, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушіден қарызын төлеткізу үшін келген.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты