14.02.2022, 14:49
Оқиғалар
Көлік екіге бөлініп кеткен: Ақтөбе облысында жүргізуші жантүршігерлік жол апатынан аман қалды
Жол-көлік оқиғасы Самара-Шымкент автожолында болған
Ақтөбе облысында жол апатынан көлігі екіге бөлініп кеткен жүргізуші аман қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
13 ақпанда Самара-Шымкент автожолының 705 шақырымында екі көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
ВАЗ-21144 көлігінің жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, қарсы жолақтағы автокөлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігі қақ айырылған. Екіге бөлініп қалған көліктің жүргізушісі апат болған сәтте артқы орындығына ұшып кеткен. Сол арқылы жүргізуші аман қалған.
Ал Opel Vectra көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды