Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Күршім ауданының тұрғыны гаражында заңсыз есірткі сақтаған, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Күршім АПБ-нің қызметкерлері Күршім ауылының 26 жастағы тұрғынының есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады. Оның гаражын тінту барысында ерекше иісі бар қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
“Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат – салмағы 2807,59 граммды құрайтын, кептірілген марихуана.
Бүгінгі күні қаскөйге келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – делінген ведомство ақпаратында.