Түркістан облысында жоғалып кеткен әйел жиырма күннен бері табылмай жатыр
Ол түнгі бірде үйінен кетіп қайта оралмаған
Түркістан облысы Кентау қаласында полицейлер 42 жастағы жергілікті тұрғынды таба алмай жатыр. Арайлым Қасымханқызы 20 қаңтар күні түнгі бірлер шамасында үйінен кетіп қайта оралмаған.
Облыстың полицейлері келіншекті іздеу жұмыстарын жиырма күннен бері жалғастырып жатыр. Іздеу тек облыс аумағында емес, республиканың өзге өңірлерінде де жүргізілуде.
Арайлымның күйеуінің айтуынша, биыл 20 қаңтар күні түнгі бірлер шамасында ол үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып, содан хабар-ошарсыз кеткен.
«Жоғалған әйелдің үстінде ақ түсті күртеше, сұр түсті жемпір мен қара белдемше, аяғында қара түсті етік болған. Арнайы белгілері: бойы 155-160 см, арық денелі, шашы қара (ұзындығы иығына дейін) Іздеу жарияланған әйел туралы қандай да бір ақпарат болса, Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне 8(725)3639002, 3-25-03, 3-34-61,8-747-933-19-85, 8-702-640-64-59 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласыңыздар», - делінген Түркістан облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.