Нариман Григорянның денесі 14 қаңтар күні түнде өз пәтерінен табылған
Өзбекстандық танымал дизайнер әрі хореограф Нариман Григорянның денесі 14 қаңтар күні түнде табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .
Өзбекстан Бас прокуратурасы таратқан мәліметке сәйкес, қазір аталған «Адам өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ведомство мәліметінше, құқық қорғау қызметкерлері Григорянның көптеген зорлық-зомбылық белгілері бар денесін Ташкенттің Яшнабад ауданындағы жалға алып тұрып жатқан пәтерінен тапқан.
Қазір қылмыстық іс қала прокуратурасына өткізіліп, тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Дизайнер өлімінің нақты себебін медициналық сараптама анықтайды.
Айта кетсек, 35 жастағы Нариман Григорян — өзбек хореографы, дизайнер, модельер және халықаралық «Жыл үздігі» (2015), «Кешкі көйлектердің ең үздік дизайнері» (2017) жүлделерінің иегері.
Ол сондай-ақ, Nariman Grigoryan брендінің негізін қалаушы әрі халықаралық би жарыстарында әділқазылар мүшесі ретінде Өзбекстан атынан бір өзі ғана қатысып жүрген.