Қайғылы оқиға Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған
Алматыда асылып қалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 қаңтарда сағат 18.00 шамасында Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
«2004 жылы туған азамат С.-ның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Адам өлімінің себебі мен мән-жайы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша басталған тергеу барысында анықталады», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.