$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.02.2022, 00:03
Оқиғалар

БҚО-да жол-көлік апатынан екі адам көз жұмды

Қайғылы оқиға 31 қаңтарда сағат 13.10 шамасында Ақжайық ауданында болған

 

БҚО-да жол-көлік апатынан екі адам көз жұмды
Фото: inform.kz

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Айқын» басылымына сілтеме жасап.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 қаңтар күні шамамен сағат 13.10-да Ақжайық ауданы аумағында болған.

«Чапаев-Казталов автожолының 15-шақырымында «ВАЗ-2107» мен «Тойота Камри» автокөлігі бетпе-бет соқтығысты. Соның салдарынан «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған алты адам трассалық-медициналық құтқару бекетінің күшімен Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың ішінде 2021 жылғы сәби де бар.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, «ВАЗ-2107» автокөлігінің 1995 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Тойота Камримен» соқтығысқанын мәлімдеді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағандай, көптеген жарақат алған 1960 жылғы ер адам аудандық аурухананың хирургия бөлімінде жатыр.

1982 жылғы әйел де сонда, оның жақ сүйектері, қолы сынған. Бас пен мидың жарақатына қоса кеудесінен қатты соққы алған. 1999 жылғы жігіт бас пен мидың жабық жарақатын алып, омыртқасы сынған. Тізе буынынан қатты соққы алған 1987 жылғы ер адам мен шат сүйегі сынған 1998 жылғы қыз амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Жол апатынан 1987 жылғы ер адам қаза болды.

Серіктес жаңалықтары