Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушыларды көршілері шақырған

Көрнекі фото

Шымкенттегі Ерманов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды деп жазады Otyrar.kz.

Жедел жәрдем станциясына 30 қаңтар күні кешкі сағат 17:36-да жергілікті тұрғындардың бірі хабарласып, көршісіне көмек керек екенін жеткізген. Оқиға орнына келген дәрігерлер 1978, 1956 және 1979 жылы туған үш адамның мәйітін тапты. Алдын ала болжам бойынша, олар ысқа уланып қайтыс болған.

Тегтер: