Кінәлі жүргізуші қашып кеткен: Ақтауда үш көлік соқтығысты

Azattyq Rýhy

Жол-көлік апаты салдарынан үш адам зардап шекті

Кінәлі жүргізуші қашып кеткен: Ақтауда үш көлік соқтығысты
Фото: видеодан кадр

Ақтауда үш көлік соқтығысып, соның салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 қаңтар күні сағат 11:30-да Шығыс-2, 31А, 31Б және Шығыс-3 шағынаудандарының қиылысында болған.

«Toyota 4Runner жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Mercedes-Benz көлігіне соғылғаны анықталды. Қатты соққы салдарынан жол талғамайтын көлік аударылып кетіп, басқа, яғни «Hyundai Santafe» көлігіне соғылған», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

«Жол-көлік апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бәрі үйіне жіберілді», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта жүргізушіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Белгісіз тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.