Павлодар облысында аязды күні жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетілді
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті

Жолда қалған азаматқа полиция қызметкерлері көмектескен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Бірнеше күн бұрын қызмет көрсететін учаскеде патрульдеу кезінде Железин ауданының инспекторлары, полиция лейтенанты Данияр Ищанов пен полиция старшинасы Данияр Алимбаев Жаңа жұлдыз-Михайловка тас жолында жол жиегінде тұрған машинаны көріп, жағдайдың дұрыс еместігін біліп тоқтаған. Көліктің жүргізушісі - Железин ауданы Есқара ауылының тұрғынының айтуынша, ол Михайловка ауылына бағыт алған жолда жанармайы таусылған», - деді баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ ол жолдағы көліктердің тоқтамай, бір сағаттан артық уакыттай далада тұрып қалғанын айтқан.
«Сол күні далада -25 градус аяз болғанын ескере кеткен жөн. Бір минутта кідірместен тәртіп сақшылары көлікті тіркеп алып, бағыт алған жеріне жеткізіп салған», - деді департаментте.
Ер адам полицейлерге өз алғысын білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.