$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2022, 03:34
Оқиғалар

Алматы облысында ер адам жасөспірімді таспен ұрып өлтірді

7 қаңтарда зорлық-зомбылықпен өлген 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды

Алматы облысында ер адам жасөспірімді таспен ұрып өлтірді

Алматы облысында жасөспірімді таспен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 қаңтарда зорлық-зомбылықпен өлген 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі, 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің ізін таба алды. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты.

«Марқұм жігіт оның жақын танысы болып, қонаққа келген. Екеуі мас күйінде дүкеннен қайтып келе жатқанда жанжал шығып, марқұмның басынан таспен ұрған, содан кейін жауапкершіліктен қорыққан ол із-түзсіз жоғалып кеткен», – деді Алматы облысының полиция департаменті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Дереккөз: Stan.kz      

 
Серіктес жаңалықтары