$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2022, 01:46
Оқиғалар

Павлодарда танысын және оның екі қызын пышақтап өлтірген қылмыскер сотталды

Сотталушы  өмірінің соңына дейін темір торға қамалатын болды

Павлодарда танысын және оның екі қызын пышақтап өлтірген қылмыскер сотталды

Павлодар облысында бейкүнә балалар мен олардың анасын асқан қатыгездікпен өлтірген қылмыскер сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бір отбасының шаңырағын ортасына түсіріп, 3 бірдей адамын мерт қылған 36 жастағы қандықолды сот кәнілі деп тапты. Аймақтың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 36 жастағы қылмыскерге ең ауыр жаза тағайындады. Сотталушы екі және одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша,  өмірінің соңына дейін темір торға қамалатын болды. Ал айыпталушы өзіне тағылған кінәні мойындамаған.

«Сот барысында прокурор судьядан оған ең қатаң жаза беруін сұрады. Істі 10 алқа биі мен 1 судья қарап, бірауыздан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті», - делінген Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметінде.

Бұл қанды қылмыс өткен жылы Ақсу қаласында болған. Ер адам түнгі уақытта танысының үйіне келіп, шу шығарған. Артынша жанжал туып, ол әйелді бірнеше жерінен пышақтаған. Анасына араша болған 7 және 5 жастағы қыздарын да қанішер аямаған.

Серіктес жаңалықтары