Павлодарлық әйел ұлының үстінен полицияға шағымданды

Azattyq Rýhy

Әйел полиция операторына 33 жастағы ұлының үстінен шағымданған

Ұлының себепсіз ашушаңдығы мен жұмыс іздеуге деген құлықсыздығы әйелді арыз жазуға итермелеген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 қаңтар күні «102» нөміріне Желтоқсан көшесіндегі үйдің тұрғыны хабарласқан. Әйел полиция операторына 33 жастағы ұлының үстінен шағымданған. Оның айтуынша, ұлы анасына бейәдеп сөздер айтып, заттарды лақтырған.

«Бұл бірінші рет емес, бірақ бүгін менің шыдамым таусылды», - деп шағымданды ана.

Полиция патрулі айтылған мекенжайға барған кезде ер адам пәтерден қашып кетуге әрекеттенген.

Тәртіп сақшылары жас жігітті шақырып, үйге қайтуын талап етті.

Оған қатысты отбасы-тұрмыстық қатынаста құқыққа қайшы әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, осындай мінез-құлыққа жол бермеу үшін әңгіме жүргізілді.

Өз кезегінде ер адам анасынан кешірім сұрап, жаңа өмір бастауға уәде берді.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.