$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2022, 16:19
Оқиғалар

Шымкентте әйел адамды пышақтап өлтірген екі жігіт ұсталды

Марқұм 28 жаста болған

Шымкентте әйел адамды пышақтап өлтірген екі жігіт ұсталды

Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген екі Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Абай ауданының Полиция басқармасына «1 мамыр» көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің пәтерінен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіт 28 жастағы әйел адам екенін анықтады. Мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары