20.01.2022, 01:53
Оқиғалар
Қызылорда облысында аудан орталығын су басып қалды
Арнайы техника көмегімен көшелерден 350 тонна су шығарылды
Жаңақорған ауданының орталығын қарғын су басты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Жаңақорған кентінің 3 көшесі лай судың астында қалып, әлеуметтік желіде тұрғындардың қайықпен жүзіп жүрген бейнежазбасы пайда болды. Тіпті көшенің ортасында қармақ салып отырғандар да байқалды.
Оқиға орнына құтқарушылар жасағы шақырылып, бірнеше сағатта жағдай ретке келтірілді. Арнайы техника көмегімен көшелерден 350 тонна су шығарылды.
Қазіргі таңда қарғын су деңгейі төмендеді. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.
Гидромамандар ахуалды ұдайы бақылап отырады.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты