$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2022, 02:57
Оқиғалар

Павлодар облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде

Павлодар облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты

Зардап шеккендерге санавиация кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қаңтар күні сағат 12.14 шамасында Омбы – Майқапшағай автожолында Аққулы ауданы Әйтей мен Шабар ауылдары арасында «Фольксфаген» және «Нива» маркалы автокөліктері соқтығысқан.  

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі мен 1964 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. «Нива» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - дейді департаментте.     

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.

1998 жылы туған әйел адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1991 жылы туған ер адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, сол жақ жамбастың жабық сынуы, білектің төменгі үштен бір бөлігінің оң жақ жабық сынуы анықталды.

Ер адамның жағдайы орташа, ал әйел адам ауыр жағдайда жатыр.

 
Серіктес жаңалықтары