Алматы әкіміне жасалған шабуылдың бейнежазбасы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлікшілердің шабылдаған сәтін операторлар камераға түсіріп үлгерген

Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа бүлікшілердің шабуыл жасаған бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімнің кортежімен «Алматы» телеарнасының операторлары отырған көлік те ілесіп келе жатқан.

Бүлікшілердің шабуылдаған сәтін операторлар камераға түсіріп үлгерген. Әкімнің көлігі кері айнала қашып үлгергенмен, телеарнаның көлігіне оқ тиіп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Ал қос оператордың біріне оқ тиіп жараланған.

«2022 жылы 6 қаңтарда болған оқиғаның бейнежазбасы шынайы екенін растайды. Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады», - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.