«Бір-бірімен жарысқан»: Алматы облысында жол апатынан 1 жасар сәби зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Дүйсенбіге қараған түні болған жол көлік оқиғасында 4 автокөлік соқтығысқан

Оқиға Гүлдала ауылына жақын маңда Құлжа тас жолының бойында болған деп жазады Sputniknews.kz. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, автокөліктер бір-бірімен жарысып, артынша соқтығысқан.

Куәгерленрдің айтуынша, Volkswagen Golf және ВАЗ-2109 автокөліктері тас жолмен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Осы сәтте ВАЗ-2109 өзге көлікпен жарысып, олардың бірі жолдың қарсы бетіне шықса, екіншісі (ВАЗ) Volkswagen Golf көлігінен оң жақ жолақ арқылы басып озбақ болған. Алайда, алдынан кедергі шығып, ол өз бетімен кетіп бара жатқан Volkswagen Golf-ті бүйірінен соғады. Салдарынан Volkswagen жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті, олардың бірі 1 жасар сәби. Үшеуі де Mitsubishi көлігінде болған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.