Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Фото: primeminister.kz

Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады.

«Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген агенттік хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.