Иран билігінің ұшақ апатына байланысты мәлімдемесі елдің наразылығын туғызды
Иран билігінің Тегеран түбінде құлаған ұшақ апатына байланысты тек 3 күннен соң ғана мәлімдеме жасап, қателігін мойындауы елдің наразылығын туғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшақ апатының құрбандарын еске алу рәсімінің соңы үкіметке қарсы ереуілге ұласып, Тегеранда жүздеген студент көшеге шығып кетті. Ирандық Fars агенттігі оқиға орнынан бейнежазбалар мен фотосуреттер жариялаған.
Наразылық акциясына мыңға жуық адам шыққан. Шерушілер үкіметке қарсы ұрандар жазылған қағаздар ұстап шыққан. Сондай-ақ, Иракта АҚШ әуе соққысынан қаза тапқан ирандық генерал Қасем Сулеймани бейнеленген плакаттарды жыртқан.