Қызылордада әскери көлікпен бірнеше нысанды қиратқан күдікті ұсталды

Azattyq Rýhy

Бүлікті жасағаннан кейін оқиға орнынан ізін суытқан

Фото ашық дереккөзден

Оқиға Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болды. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, әскери «КаМАЗ» автокөлігін күшпен тартып алып кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери көлік мініп кеткеннен кейін қала орталығында орналасқан жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камерасын соғып, қиратқан. Бұдан соң ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратының кіре беріс қоршауын бұзған.

Осындай бүлікті жасаған ол кейіннен оқиға орнынан ізін суытқан.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі және 202 бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы таңдалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.