Олардан 67 бірлік қару табылып, тәркіленген
Өткен тәуілікте Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жүргізілді деп хабарлады Алматы қаласының комендатурасы.
Іздеу шараларының нәтижесінде лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 мың 159 қатысушысы ұсталған. Олардан 67 бірлік атыс қаруы мен 3 мың 112 оқ-дәрі тәркіленді.
Сонымен қатар, өткен тәуілікте «102» пультіне 754 хабарлама келіп түскен. Комендатураның Кол-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданған. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді.