Сауда орталығы толықтай тексерілді
Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығы толықтай тексерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері ғимаратты тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмағанын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, полицияға 10 қаңтарда пиццериялардың бірін миналау туралы хабарлама келіп түскен және мұндай атаумен байланысты тамақтану орындарының бірі «Esentai Mall» ғимаратында орналасқан.