ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

«Esentai Mall» ғимаратындағы адамдарды шұғыл түрде эвакуациялап жатыр

Алматы қалалық Полиция департаменті сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялау себебін түсіндірді

Фото: t.me/nehabar

Полиция департаментінің хабарлауынша, 10 қаңтарда пиццериялардың бірін миналау туралы хабарлама келіп түскен және мұндай атаумен байланысты тамақтану орындарының бірі «Esentai Mall» ғимаратында орналасқан екен.

«Құқық қорғау органдарына Алматы қаласындағы «Ciao Pizza» жылдам тамақтану мейрамханаларының біріне бомба қойылғаны туралы қоңырау түсті. Қазір аталған мейрамханалар желісін жылдам тексеру, анықтау  жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалада мұндай мейрамханалар 8 нысанда бар екен. «Esentai Mall» - солардың бірі», - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің өкілі Евгений Лысенко.

Қазір қалалық төтенше жағдай қызметі хабарламаның анық-қанығын анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.