Әлеуметтік желіде кең тараған видеодағы оқиға Түркістан облысында болған
Түркістан облысында өз баласының қолын байлап, аузын жауып қойған әйелдің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 қаңтарда Сарыағаш аудандық ПБ-на жергілікті тұрғын хабарласып, азаматтық некедегі бұрынғы әйелінің 2017 жылғы балаға қысым көрсететінін айтқан. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») бойынша тіркелді. Соталды тергеу барысында бұл әрекетке қатысы барлар анықталады», - деп хабарлады полициядағылар.
Оқиғаның видеосын Facebook желісінде Айгүл Орынбек жариялаған. Видео кадрларынан қолы байланған, аузы шүберекпен жабылған баланың еденде отырғанын көруге болады.